мобильное приложение

   
по проблемным вопросам

   
www.akorda.kz

   
Дорожная карта занятости 2020

   
Работа

   
Сайт праздничных меропрятий

   
www.astana.kz
   
Қала картасы
Карта Астаны
   
Байланыс орталығы

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

             

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен Бекітілген <

Әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ереже

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен Бекітілген басып шағару       

Әдеп жөніндегі уәкіл

Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі функциялары 

Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде мына функцияларды атқарады:

1) мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;

2) мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді;

3) өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

4) ұжымда жалпы қабылданған моральдықәдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;

5) мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды;

6) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады;

7) мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қызметтік әдеп нормаларын бұзу деректері бойынша тиісті шараларды қабылдамау жағдайлары туралы мемлекеттік орган басшылығына хабарлайды;

8) мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзған жағдайларда, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды талдайды және мемлекеттік органның басшылығына оларды жою туралы ұсыныстар енгізеді;

9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

10) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді;

11) заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті лауазымды адамдарға қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарау туралы ұсыныммен жүгінеді;

12) қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алу мақсатында өзге де қызметті ұйымдастырады.

Астана қаласы әкімдігі, 330 кабинет,

тел.: 55 69 98; 8775 540 08 03.

Мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдау күні:

әр бейсенбі, сағат 15:00 - 16:00

Қазақстан Республикасының Президентi туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733 Конституциялық заңы басып шығару

Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 Заңы басып шығару

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ Басып шығару

Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688 Конституциялық заңы басып шығару

Нормативтiк құқықтық актiлер туралы

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңы басып шығару

Қазақстан Республикасының Конституциясы

Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды басып шығару