мобильное приложение

   
по проблемным вопросам

   
www.akorda.kz

   
Дорожная карта занятости 2020

   
Работа

   
Сайт праздничных меропрятий

   
www.astana.kz
   
Қала картасы
Карта Астаны
   
Байланыс орталығы

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

             

«Астана қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысы

«Астана қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысы Оразғұлов Расул Қабдоллаұлы 1974 жылдың 24 қаңтарында Павлодар облысында туылды, ұлты – қазақ. Білімі жоғары, «қаржы» мамандығы бойынша Ақмола қаржы-экономикалық техникумын, «экономист» мамандығы бойынша Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, «Юриспруденция» мамандығы бойынша С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін аяқтады. Экономикалық ғылымдардың кандидаты.

Еңбек қызметін 1994 жылы Павлодар облыстық қаржы басқармасының жетекші, кейін бас маманы ретінде бастады. 1998-2002 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің АӨК және қоршаған ортаны қорғау басқармасының экономисті, жетекші экономисті, бас маманы, бөлім басшысы, басшы орынбасары лауазымдарында жұмыс істеді. 2002 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Салалық органдардың шығыстарын жоспарлау департаменті басқармасының басшысы, директорының орынбасары. 2006 жылдың мамырынан бастап 2009 жылдың ақпанына дейін – Қарағанды облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры (басқарма басшысы). 2009 жылдың ақпанынан 2010 жылдың ақпанына дейін – Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары. 2010 жылдың ақпанынан 2014 жылдың қаңтарына дейін «Нұр Отан» ХДП орталық аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. 2014 жылдың қаңтарынан бастап 2018 жылдың мамыр айына дейін – Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы. 2018 жылдың 22 мамырынан бастап «Астана қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысы болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 4 мерекелік медальдармен марапатталды.