мобильное приложение

   
по проблемным вопросам

   
www.akorda.kz

   
Дорожная карта занятости 2020

   
Работа

   
Сайт праздничных меропрятий

   
www.astana.kz
   
Қала картасы
Карта Астаны
   
Байланыс орталығы

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

             

11.09.18

Астана қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметкерлері Астана қаласы әкімдігінің Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының жұмысымен танысты.

Орталықтың негізгі мақсаттары тұрғындардың өтініштерін қабылдау, орын алған оқиғаларды, апаттарды шешкен кезде коммуналдық және жедел қызметтердің жұмысын ұйымдастыру, оқиғалардың уақтылы шешілуін бақылау, құқық бұзу оқиғаларын анықтау және өңдеу, превентивті шаралар саясатын құру, сондай-ақ қалалық бейнебақылау жүйесі арқылы «қазір және осы жерде» режимінде қаладағы ахуалды жедел бақылау болып табылады.

01.06.18

Астана қаласы Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының ұжымы табысы төмен көпбалалы отбасының балаларына әлеуметтік көмек көрсетті.

Басқарманың қызметкерлері Маймақовтар, Жақия және Жарасбай отбасыларын Балалар қорғау күнімен құттықтады. Балаларға материалдық көмек көрсетілді және сыйлықтар табыс етілді.

05.05.18

2018 жылдың 4 мамырында Астана қаласы Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметкерлері Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтап, қоржындарын сыйлады.

Құрметті соғыс ардагерлері және тыл еңбеккерлері!

Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 69-жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің өшпес ерліктеріңіз біз үшін әрдайым ерліктің, қайсарлықтың, қажымас қайраттың және ерік-жігердің мысалы болады. Осы ұмытылмас және қасиетті мерекеде сіздерге шын жүректен зор денсаулық, рухани сергектік, амандық, бақыт және ұзақ өмір тілейміз!

21.04.18

2018 жылдың 21 сәүірінде Астана қаласында кезекті жалпықалалық сенбілік өтті

«Астана қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке белсенді түрде қатысты. Бекітілген Кенесары-Бейбітшілік- Жеңіс – Абай көшелері телімінде қоқыс жинау, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою жұмыстары жүргізілді.

14.12.17

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнінің алдында Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметкерлері Астана қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесімен танысты

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнінің алдында Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметкерлері Астана қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесімен танысты: № 5 көпшілік кітапханаға, Көзі көрмейтін және көзі нашар көретін азамматтарға арналған арнайы кітапханаға, Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасына барды. Кездесу кезінде Астана қаласының Орталықтандырылған кітапханалар өкілдері жаңа технологияларды еңгізу, кітапханалардың жұмысының тиімділігін арттыру бағыттары туралы айтып өтті.

ітәпханалардың негізгі мақсаты - кiтапханалар-филиалдары жұмысына жаңа технологияларды  енгiзу  негiзде ақпараттарға, Internet желісі қорларына тегін қолжетімділікті қамтамасыз ететіп, қолданушыларға ақпараттық қызмет керсету деңгейiн жоғарылату. 

30.11.17

Қазақстан Республикасы Бірінші Президенті күнін мерекелеу қарсаңында Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Бірінші Президентінің Музейіне барды.

Қызметкерлердің музейге баруы кезінде Қазақстан Республикасының мемлекет болып қалыптасу кезеңдері жөнінде тарихи экспонаттар көрсетілді.   

20.11.17

20 қазаныңда Қоғамдық кеңестің отырысы өтті, ол жерде Астана қаласының 2017 жылға арналған бюджетін нақтылау бойынша мәселе қарастырылып, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Е. Егемберді сөз сөйледі.

Нақтылау кезінде Астана қаласы бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайту және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстары негізінде қаражаттарды қайта бөліп оларды күттірмейтін бірқатар міндеттерін шешуге жолдау ұсынылады.

 

15.11.17

Ұлттық валюта – теңге күні және еліміздің қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мекересі шеңберіндеАстана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бірқатар қызметкерлеріне қала басшылығының атынан алғыс хаттар табысталды

Жыл сайын 15 қарашада «Қазақстан Республикасындағы мекерекелер туралы» Заңына сәйкес Қазақстанда Ұлттық валюта – теңге күні және еліміздің қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мекересі мерекеленеді.

         1993 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын ендіру туралы» Жарлығы шықты. Бұл мемлекетке банк секторын да толық түрде қалыптастыруға мүмкіндік тудырды. 1993 жылдың 15 қарашасында теңге айналымға енгізілді. Сол сәттен бастап осы күн ресми түрде Ұлттық валюта күні болып саналады. Бүгінгі таңда теңге тәуелсіздіктің экономикалық негізі, егемендіктің символы, Қазақстанның жаңа тарихының және келешегінің бір бөлігі болып табылады.

         Басқарма басшысы Егемберді Ерғали қала басшылығының атынан көп жылдық және адал еңбектері, елордамыздың қаржы жүйесінің қалыптасуына және дамуына қосқан үлестері үшін Басқарма қызметкерлеріне алғыс  хаттар табыстап, алғыс сөздерін білдірді.