мобильное приложение

   
по проблемным вопросам

   
www.akorda.kz

   
Дорожная карта занятости 2020

   
Работа

   
Сайт праздничных меропрятий

   
www.astana.kz
   
Қала картасы
Карта Астаны
   
Байланыс орталығы

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

             

Құрылымы

Басқарманың құрылымы

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының құрылымына 14 бөлім кіреді.

Экономикалық саясат бөлімі Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жасайды. Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық және операциялық жоспарларына талдамалық материалдар мен ақпараттар дайындауды жүргізеді. Мемлекеттік және экономикалық саясатты есепке ала отырып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлейді. Астана қаласының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалау жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз етеді. Астана қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік және Астана қаласының экономикалық саясатын іске асыру жөніндегі жұмысын үйлестіреді. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын іске асыру жөніндегі (іс-шаралары) Жалпыұлттық жоспардың негізгі бағыттарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын дайындайды. Тел.: 55-66-44.

Стратегиялық жоспарлау бөлімі стратегиялық мақсаттар мен басымдықтар, сонымен қатар Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының Болжамы жобасын, мемлекеттік органдардың стратегиялық және операциялық жоспарларының қалыптасуы бойынша ұсыныстар дайындайды. Жоғары тұрған органдардың стратегиялық құжаттарын әзірлеуге, келісуге және өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысады. Астана қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу жөніндегі жұмыстарын үйлестіреді. Астана қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру жөніндегі, Астана қаласын дамыту бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді. Тел.: 55-66-70.

Бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімі бірыңғай Бюджеттік сыныптамаға сәйкес функционалдық топтар
шегінде алдағы үш жылдық кезеңге Астана қаласы бюджетінің жобасын
әзірлейді. Алдағы үш жылдық кезеңге Астана қаласы бюджетінің болжамын құрастырады. Астана қаласының бюджетін нақтылауға, түзетуге материалдарды дайындайды және осы материалдарды одан әрі іске асырады. Тел.: 55-74-80

Білім, мәдениет және спорт бөлімі Нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде «Білім», «Мәдениет», «Туризм және спорт» функционалдық топтары шеңберінде кезекті 3 жылдық қаржы жылына бюджет жобасын әзірлейді. Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ұсыныстары негізінде қала бюджетін нақтылауға материалдар дайындайды. Бюджеттік бағдарлама әкімшілері жетекшілік ететін Стратегиялық жоспарлардың, операциялық жоспарлардың, Астана қаласын дамыту бағдарламасының жобаларын әзірлеуге, мониторингілеуге  қатысады.  Тел.: 55-66-59 

Денсаулық сақтау, әлеуметтік бағдарламалар және ақпараттық кеңістік бөлімі Нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде «Денсаулық сақтау», «Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек», «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық топтары шеңберінде кезекті 3 жылдық қаржы жылына бюджет жобасын әзірлейді. Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ұсыныстары негізінде қала бюджетін нақтылауға материалдар дайындайды. Бюджеттік бағдарлама әкімшілері жетекшілік ететін Стратегиялық жоспарлардың, операциялық жоспарлардың, Астана қаласын дамыту бағдарламасының жобаларын әзірлеуге, мониторингілеуге  қатысады.  Тел.: 55-66-63.

Мемлекеттік аппарат, қорғаныс және құқық қорғау органдары бөлімі Астана қаласы бюджетінің жобасын қалыптастыру кезінде мемлекеттік аппарат, қорғаныс мекемелері мен құқық қорғау шығыстарын уақытында және сапалы жоспарлауды іске асырады. Бюджетті түзетуге және нақтылауға, қаржыландырудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізуге, нақтыланған жылдық қаржыландыру  жоспарына материалдар әзірлейді. Елорданы басқару кестесі бойынша, жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимитін өзгерту бойынша Астана қаласы әкімдігінің қаулыларын, мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының штат кестесіне өзгерістер енгізу бойынша Астана қаласы әкімінің өкімін әзірлейді. Тел.: 55-66-67.   

Түсімдерді болжау бөлімі салықтық түсімдердің, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімнің орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада Астана қаласының жергілікті бюджетіне түсуін жоспарлайды. Астана қаласының бюджетін нақтылауға, түзетуге қажетті материалдар әзірлейді. Стратегиялық даму жоспары мен бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі параметрлерін және үш жылға арналған бюджет параметрлерін әзірлеуге қатысады. Тел.: 55-66-57.  

Нақты секторды дамыту бөлімі ағымдық бюджеттік бағдарламалар және жетекшілік ететін салалар бойынша даму бюджеттік бағдарламалары жөнінде бюджетті, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу жолымен бюджеттік инвестицияларды қалыптастыруды іске асырады.                 Тел.:55-66-71.

Инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімі инвестициялық ұсыныстарға іріктеу және бағалауды жүргізеді, алдағы үш жылдық мерзімге арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың тізімін қалыптастырып, бекітеді. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іріктейді, мониторингілейді және бағалайды. Астана қаласы дамуының басымдығын айқындауға, инвестициялық саясат бойынша стратегиялар мен жоспарларды әзірлеу және іске асыруға, Астана қаласының инвестициялық даму бағдарламаларын әзірлеуге қатысады. Тел.: 55-66-52.

Персоналмен жұмыс жөніндегі бөлім қызметкерлерді таңдау, орналастыру, тиімді пайдалану және жұмыстан босауына байланысты жұмыс кешенін жүзеге асырады. Конкурстық процедураларды өткізу жөнінде жұмысты ұйымдастырады және Басқармада бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстық комиссия отырыстарын өткізуге ақпараттарды дайындайды, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөніндегі, мемлекеттік қызметкерлерді аттестациядан өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Тел.: 55-66-76 

Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Басқарманың құжатайналымын ұйымдастырады, Мемлекеттік тіл саясатын іске асыруды бақылайды, Басқарманың ведомстволық мұрағатының жұмысын ұйымдастырады.                Тел.: 55-66-81.

Әкімшілік бөлімі ашық лимиттер мен мақсатты бағыттарды қаржыландырудың бекітілген жоспары бойынша бекітілген тәртіпте енгізілген өзгерістерді ескере отырып, бюджеттік қаражаттардың дұрыс және тиімді жұмсалуына, сонымен қатар ақша қаражаттары мен материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жүргізеді. Тел.:55-66-79.

Құқықтық қамтамасыз ету және сатып алу бөлімі  Басқарма қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуді жүзеге асырады, заңнаманы қолдану тәжірибесін жинақтайды, Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттайды және түсіндіреді, Басқармада мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады және өткізеді. Тел.:55-66-61.