мобильное приложение

   
по проблемным вопросам


Құрметті сайтқа келушілер!

Сіздер Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ресми WEB – сайтына қош келдіңіздер!

Басқарма сайтының  жариялай отыра, біз  қолда бар статистикалық және ақпараттық – сараптау материалдары мен сараптамалық шолулардың ауқымды көлемін жариялау мүмкіндігі есебімен өзіміздің сайтқа келушілерімізбен тығыз қатынаста боламыз деп сенеміз.

Сіздер осы сайтта стратегиялық жоспарлау мәселелері, бюджеттік бағдарламаны әзірлеу және орындау жөніндегі жеткілікті деңгейдегі толық ақпаратты, әлеуметтік – экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері, өнеркәсіп, әлеуметтік және инфрақұрылымдық даму саласындағы негізгі инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі мәліметтерді таба аласыздар.  

Біз экономиканың нақты секторының жағдайы және серпіні, ШИИД бағдарламасында, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасында және 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Жұмыспен қамту стратегиясында қарастырылған іс-шараларды іске асыру барысы туралы көкөйкесті мәселелер бойынша сайттың ақпараттық ресурстарын жаңартып отыруды жоспарлап отырмыз.

Сайтқа келушілер оларды қызықтырған тұтыну тауарлары мен ақылы қызмет көрсетулердің бағалар индексі мен тарифтері, ШОБ несиелендіру жағдайлары, демографиялық жағдайлар және көші – қон үрдістері туралы ақпаратты шұғыл түрде ала алады.

Біз осы мәселелермен тікелей айналыспасақ та, ол үшін өзге қалалық ведомстволар бар, осындай ақпаратты орналастыру және тұрақты түрде жаңарту қажет әрі пайдалы деп есептейміз.

Сонымен бірге, біздің сайттың аса қажетті бөлімдерінің талдамасын толық түрде жасауға мүмкіндігіміз жоқ, сондықтан, біз өзіміздің пайдаланушыларымызға өз ұсыныстарын енгізулерін сұраймыз, және осы негізде ақпараттық ресурстарды әрі қарай оңтайландыру бойынша жүйелі жұмыстар жалғасатын болады.

                                                                                                                                                                  Е.Егемберді   


Жаңалықтар

20.11.17

20 қазаныңда Қоғамдық кеңестің отырысы өтті, ол жерде Астана қаласының 2017 жылға арналған бюджетін нақтылау бойынша мәселе қарастырылып, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Е. Егемберді сөз сөйледі.

Подробнее

Нақтылау кезінде Астана қаласы бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайту және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстары негізінде қаражаттарды қайта бөліп оларды күттірмейтін бірқатар міндеттерін шешуге жолдау ұсынылады.

 

15.11.17

Ұлттық валюта – теңге күні және еліміздің қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мекересі шеңберіндеАстана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бірқатар қызметкерлеріне қала басшылығының атынан алғыс хаттар табысталды

Подробнее

Жыл сайын 15 қарашада «Қазақстан Республикасындағы мекерекелер туралы» Заңына сәйкес Қазақстанда Ұлттық валюта – теңге күні және еліміздің қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мекересі мерекеленеді.

         1993 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын ендіру туралы» Жарлығы шықты. Бұл мемлекетке банк секторын да толық түрде қалыптастыруға мүмкіндік тудырды. 1993 жылдың 15 қарашасында теңге айналымға енгізілді. Сол сәттен бастап осы күн ресми түрде Ұлттық валюта күні болып саналады. Бүгінгі таңда теңге тәуелсіздіктің экономикалық негізі, егемендіктің символы, Қазақстанның жаңа тарихының және келешегінің бір бөлігі болып табылады.

         Басқарма басшысы Егемберді Ерғали қала басшылығының атынан көп жылдық және адал еңбектері, елордамыздың қаржы жүйесінің қалыптасуына және дамуына қосқан үлестері үшін Басқарма қызметкерлеріне алғыс  хаттар табыстап, алғыс сөздерін білдірді.

14.11.17

Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ұжымы Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіптік мерекесімен – Ұлттық валюта – теңге күнімен шын жүректен құттықтайды!

Подробнее

Қаржы органдары бюджеттік қаражатты тиімді жоспарлау және оңтайлы пайдалануды қамтамасыз ететін қоғамдық қаржыны басқару жүйесін құруда аса маңызды роль атқарады. Еліміз бен өңірлер экономикасының әрі қарай дамуы және гүлденуі қаржы қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктеріне және оңтайлы жұмыс істеулеріне де байланысты.

Сіздерге зор денсаулық, сарқылмас жігер тілейміз. Кәсіби және іскери біліктіліктеріңіз барлық жоспарларыңыздың, үміт пен тілектеріңіздің орындалуына септігін тигізсін.

Кәсіби қызметтеріңізге әрқашан да сәттілік тілейміз!

09.11.17

Бүгін қала мәслихатының бюджет, экономика және өнеркәсіп мәселелері жөніндегі комиссиясының отырысында 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттерінің жобалары қаралды.

Подробнее

Бүгін қала мәслихатының бюджет, экономика және өнеркәсіп мәселелері жөніндегі комиссиясының отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау, Қаржы, Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармаларының және үш ауданның 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттерінің жобалары қаралды.

«Алматы» ауданына үш жылдық кезеңге 55,3 млрд. теңге, «Сарыарқа» ауданына – 35,6 млрд. теңге, «Есіл» ауданына – 51,1 млрд. теңге қарастырылды. Негізгі шығыстар балабақшаларда мемлекеттік тапсырыс орналастыруға, көшелерді жарықтандыруға, санитарияны қамтамасыз етуге, елді мекендерді абаттандыруға және көгалдандыруға жіберіледі.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына үш жылдық кезеңге 1,6 млрд. теңге қарастырылды. Бұл шығыстар бюджеттік инвестициялық жобалардың техника-экономикалық негіздемелерін жобалауды аяқтауға, сондай-ақ білім, денсаулық сақтау, табиғатты пайдалану, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларындағы МЖӘ жобаларын консультациялық сүйемелдеуге жіберіледі.

Қаржы басқармасына үш жылдық кезеңге 98,3 млн. теңге қарастырылды, қаражат жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет етуге және өтеуге, бюджеттік алымдарға, жергілікті атқарушы органның резервіне жіберіледі.

Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасына үш жылдық кезеңге 1,6 млрд. теңге қарастырылды, қаражат коммуналдық мүлік объектілерін бағалау жөніндегі қызметтерге, жекешелендіруге жататын кәсіпорындардың аудитін өткізу жөніндегі қызметтерге, «Барыс Арена» көпсалалы мұз айдынын ұстауға, коммуналдық мүлік объектілерінің техникалық құжаттамасын әзірлеу жөніндегі қызметтерге жіберіледі.

08.11.17

Мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарында 2018-2020 жылдарға арналған бюджет жобасын талқылау басталды.

Подробнее

2017 жылдың 7 қарашасында мәслихаттың бюджет, экономика, кәсіпкерлік және өнеркәсіп мәселелері мен әлеуметтік – мәдени даму мәселелері бойынша тұрақты комиссияларының отырыстары өтті.

Сонымен, Сәулет және қала құрылысы басқармасына үш жылдық кезеңге 2,6 млрд. теңге қарастырылды.

Негізгі шығыстар қаланың 3 әкімшілік ауданында 129 сектор бойынша кезең – кезеңмен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеуге, жобалау және құрылысты есепке алу объектілерін егжей-тегжейлі жоспарлаудың Бас жоспарын жобалау, кезекшілік жоспарын ендіру және шығыс мәліметтерін беру мониторингін әзірлеуге бағытталатын болады.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде тегін және қайтарымсыз негізде кәсіптерін жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерге жаңа бизнес идеяларын іске асыру үшін, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға берілген, сондай-ақ, өндірісті жандандандыруға және кеңейтуге бағытталған жаңа несиелер/қаржылық лизинг шарттары бойынша марапаттау ставкаларын субсидиялауға мемлекеттік гранттар ұсынуға 12,0 млрд. теңге сомасында шығыстар қарастырылды.

Астана қаласының инновациялық қызметін дамытуды қамтамасыз ету, елорданың туристік әлеуетін жылжытуға, іскери оқиғалы туризмді дамыту және туристердің көп санын тарту үшін, мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындауға Инвестициялар және даму басқармасына үш жылдық кезеңге шамамен 10,0 млрд. теңге сомасында қаражат қарастырылды.

Денсаулық сақтау басқармасы бойынша 2018 жылдан бастап мынадай шығыс түрлері, яғни дәрі – дәрмек сатып алу, скринингтік зерттеулер, жедел көмек Қазақстан Республикасының Міндетті медициналық сақтандыру қоры есебінен қаржыландырылатын болады. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2018 жылы мынадай іс-шаралар қаржыландырылады – А вирусты гепатитіне қарсы вакцина сатып алу, ана мен баланы қорғау қызметтері, жаңадан енгізілген денсаулық сақтау объектілерін ұстау, медицна ұйымдарын материалдық – техникалық жарақтандыру. 

Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы бойынша үш жылдық кезеңге 30,7 млрд. теңге қарастырылды.

2018 жылы міндетті жәрдемақылар мен төлемдерді қамтамасыз етуге нормативтік актілерге сәйкес атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы, мүгедектер мен мүгедек балаларды санаторлық – курорттық емдеу, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен, техникалық көмекші (компенсаторлы) құралдармен, протезді – ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету, «Инватакси» қызметі тәрізді және мүгедектерді әлеуметтік қолдауға бағытталған өзге де іс-шараларға 1,8 млрд. теңге қарастырылды. Сондай-ақ, жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша 2,8 млрд. теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек толық көлемде қарастырылады, оның ішінде жыл сайын қарастырылатын қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікті түрде жол жүру төлемдері (104 мың адам), тісті протездеу және ауыз қуысын санациялау, санаторлық – курорттық емдеу, мерекелік және атаулы күндерге бір реттік материалдық көмек көрсету (оның ішінде ҰОС-ның  73 жылдығына 120 қатысушы мен мүгедеккке 150 мың теңгеден төлемдер).      

29.09.17

Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында Қарттар күні мерекеленді

Подробнее

Қарттар күні мерекесінің алдында Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында зейнеткерлер:  Овсянникова Тамара Ивановнамен, Отарбаева Жүлдызай Қазиханқызымен, Ляликова Ольга Сергеевнамен, Бисенбаева Бақыт Оралбекқызымен және Жұмағұлова Сәуле Егізбайқызымен кездесу өтті.

Басқарма басшылығы және қызметкерлер зейнеткерлерге көп жылдық және адал еңбегі үшін, біздің еліміздің қалыптасуына және дамуына қосқан үлестіре үшін алғыс сөздер айтты.

28.09.17

2017 жылдың 27 қыркүйегінде «Нұр Отан» партиясы жанындағы Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының «Зерде» сараптама клубының «Фискальды орталықсыздандыру саясаты» тақырыбына арналған отырысы өтті

Подробнее

Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметкерлері «Нұр Отан» партиясы жанындағы Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының «Зерде» сараптама клубының «Фискальды орталықсыздандыру саясаты» тақырыбына арналған отырысына қатысты. Отырыстың тақырыбы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2017 жылғы  31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының қағидаларын іске асыру байланысты.

Отырыста өзінің пікірлерімен және идеяларымен қазақстандық және шетелдік белгілі экономистер мен сарапшылар: Ресей фискальды саясат орталығының директоры Галина Гурляндская, Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығы директорының орынбасары Алтай Зейнелгабдин, Конрада Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Томас Хельм және басқалар бөлісті.  

Отырыс барысында бюджеттік орталықсыздандыру және оған байланысты мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқаруды дамытуды орталықсыздандыру мәселелері талқыланды. 

21.09.17

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметкерлері Астанада а.ж. 18-22 қыркүйегі аралығында өтіп жатқан Islamic Week 2017 халықаралық семинар-конференциясына қатысты.

Подробнее

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметкерлері Астанада а.ж. 18-22 қыркүйегі аралығында өтіп жатқан Islamic Week 2017 халықаралық семинар-конференциясына қатысты. Бұл іс-шараны Ислам Даму Банкімен бірлесіп АХҚО ұйымдастырды. Семинар барысында өңірде исламдық қаржыландыруды дамыту мүмкіндіктері қаралды, қаржылық сауаттылықты арттыру және осы бағыттағы білім бастамалары мен жобаларын ілгерілету мәселелері талқыланды.

   
www.akorda.kz

   
Дорожная карта занятости 2020

   
Работа

   
Сайт праздничных меропрятий

   
www.astana.kz
   
Қала картасы
Карта Астаны
   
Байланыс орталығы

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ