мобильное приложение

   
по проблемным вопросам


Құрметті сайтқа келушілер!

Сіздер Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ресми WEB – сайтына қош келдіңіздер!

Басқарма сайтының  жариялай отыра, біз  қолда бар статистикалық және ақпараттық – сараптау материалдары мен сараптамалық шолулардың ауқымды көлемін жариялау мүмкіндігі есебімен өзіміздің сайтқа келушілерімізбен тығыз қатынаста боламыз деп сенеміз.

Сіздер осы сайтта стратегиялық жоспарлау мәселелері, бюджеттік бағдарламаны әзірлеу және орындау жөніндегі жеткілікті деңгейдегі толық ақпаратты, әлеуметтік – экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері, өнеркәсіп, әлеуметтік және инфрақұрылымдық даму саласындағы негізгі инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі мәліметтерді таба аласыздар.  

Біз экономиканың нақты секторының жағдайы және серпіні, ШИИД бағдарламасында, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасында және 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Жұмыспен қамту стратегиясында қарастырылған іс-шараларды іске асыру барысы туралы көкөйкесті мәселелер бойынша сайттың ақпараттық ресурстарын жаңартып отыруды жоспарлап отырмыз.

Сайтқа келушілер оларды қызықтырған тұтыну тауарлары мен ақылы қызмет көрсетулердің бағалар индексі мен тарифтері, ШОБ несиелендіру жағдайлары, демографиялық жағдайлар және көші – қон үрдістері туралы ақпаратты шұғыл түрде ала алады.

Біз осы мәселелермен тікелей айналыспасақ та, ол үшін өзге қалалық ведомстволар бар, осындай ақпаратты орналастыру және тұрақты түрде жаңарту қажет әрі пайдалы деп есептейміз.

Сонымен бірге, біздің сайттың аса қажетті бөлімдерінің талдамасын толық түрде жасауға мүмкіндігіміз жоқ, сондықтан, біз өзіміздің пайдаланушыларымызға өз ұсыныстарын енгізулерін сұраймыз, және осы негізде ақпараттық ресурстарды әрі қарай оңтайландыру бойынша жүйелі жұмыстар жалғасатын болады.

                                                                                                                                                                  Е.Егемберді   


Жаңалықтар

12.07.17

2017 жылғы 8 шілдеде Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметкерлері Астана қаласының барлық мемлекеттік мекемелерінің арасында өткен шағын футбол жарысына белсенді түрде қатысты.

Подробнее

2017 жылғы 8 шілдеде Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметкерлері Астана қаласының барлық мемлекеттік мекемелерінің арасында өткен шағын футбол жарысына белсенді түрде қатысты. Жарыса қорытындысы бойынша 3 орынға ие болып командалық кубокпен және дипломмен марапатталды.

23.06.17

Мемлекеттік қызметші күнін мерекелеу аясында Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау, сондай-ақ, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармалары осы шараға қатысты салтанатты жиналыс өткізді.

Подробнее

Мемлекеттік қызметші күнін мерекелеу аясында Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау, сондай-ақ, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармалары осы шараға қатысты салтанатты жиналыс өткізді.

Кездесуді Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының м.а. Ерғали Егемберді ашты, ол өзінің құттықтау сөзінде мемлекеттік қызметтің, кәсіби мемлекеттік аппаратты құрудың, Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмалары аясында адами капиталды дамытудың маңыздылығы мен мәнін атап өтті.

23.06.17

Құрметті біздің сайттың оқырмандары!

Подробнее

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы барлық мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтайды. Мемлекеттік аппараттың қызметкерлері Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев заманауи Қазақстанды дамыту бойынша өткізіп жатқан мемлекеттік саясаттың негізгі буыны болп табылады.

15.06.17

Астана қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті бойынша ақпарат

Подробнее

Бекітілген 08.06.17

2017 жылдың 8 маусымында Астана қаласы бойынша Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының іс-шараларын іске асыру шеңберінде Астанада Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметкерлері үшін семинар өткізілді.

Подробнее

2017 жылдың 8 маусымында Астана қаласы бойынша Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының іс-шараларын іске асыру шеңберінде Астанада Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметкерлері үшін «Кириллицадағы мұраларды санға айналдыру арқылы жаппай латын әліпбиіне ауыстыру» тақырыбына семинар өткізілді. 

24.05.17

2017 жылдың 14 мамырында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметкерлері Саяси репрессиялардың құрбандарын еске алу күні қарсаңында «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мұражай-мемориалдық кешеніне экскурсияға барды

Подробнее

2017 жылдың 14 мамырында Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының іс-шараларын іске асыру шеңберінде Астанада Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметкер

13.05.17

«Астана қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ қызметкерлері сенбіліктерге белсенді қатысты

Подробнее

2017 жылдың 29 сәуірінде-13 мамырында Астана қаласында жалпықалалық сенбіліктер өтті. 

11.05.17

Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынын қызметкерлері Астана қаласының қызметшілері арасында Спартакиадаға белсенді қатысты

Подробнее

"ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандырылған көрмесіне арналған Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынын қызметкерлері Астана қаласының қызметшілері арасында Спартакиадаға белсенді қатысты.

11.04.17

Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметкерлері арасында ҚР-ның Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің өкілдері оқу дәрісін өткізді

Подробнее

2017 жылдың 11 сәуірінде Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің өкілдері «Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет құру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбына оқу дәрісін өткізді.

28.03.17

Қазіргі уақытта Астана қаласында көлік инфрақұрылымы, білім және денсаулық сақтау салаларында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолданумен жобаларды іске асыру жұмысы жалғастырылуда.

Подробнее

19 жобадан 2016-2018 жылдарға арналған концессиялық жобалардың және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбелері құрылды, оның ішінде:

Көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша – 5 (3 паркинг және 2 автовокзал);

Денсаулық сақтау саласында – 4 (3 ОДА және 1 аурухана);

Білім саласында – 10 (10 балабақша).

   
Дорожная карта занятости 2020

   
Работа

   
Сайт праздничных меропрятий

   
www.astana.kz
   
www.akorda.kz
   
Қала картасы
Карта Астаны
   
Байланыс орталығы

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ